Қазақстанда ірі киберспорттық онлайн-лига өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда ірі киберспорттық онлайн-лига өтеді

444

Smiley face
Фото: Facebook

Ірі қазақстандық киберспорттық онлайн-лиганың ашылуы туралы байланыс операторы компаниясының өкілі Facebook-тегі парақшасында хабарлады.

"Достар, Qazaq Cybersport Federation ең ірі қазақстандық киберспорттық онлайн-лиганың басталғаны туралы қуана хабарлайды! Pinger Pro - qcf.pinger.kz платформасында 21-31 тамыз аралығында ашық онлайн-біліктілік өткізілетін болады", - делінген хабарламада.

Ол "Qazaq Cybersport Federation" - аккредиттелген жалғыз республикалық киберспорттық федерация екенін атап өтті.

Smiley face
Фото: Facebook

"Біздің ұйым түрлі пәндер мен бағыттарды дамытуға және танымал етуге ұмтылады. Тек осылай ғана біз киберспортқа қызығушылық танытатын, күрделі жүйелі дайындыққа, сайыстарға ұмтылатын, ал ең бастысы - осы бағытта кәсіби өсуге қол жеткізгісі келетін адамдардың барлығын барынша қамтуды және тартуды қамтамасыз ете аламыз. Лиганың дамуы осы процестерге ықпал етеді, сондай-ақ киберспорттың экожүйесін дамытуға, турнирлер мен орта құру есебінен қазақстандық киберспортшылар мен командалардың шеберлігі мен кәсіби дағдыларын арттыруға оң әсер етеді. Лиганың іске қосылуы кибериндустрияны дамытудың ажырамас бөлігі болып табылатынын ерекше атап өтемін, өйткені бұл жұмыс турнирлерді өткізу мәдениетін қалыптастыруды, оларды ұйымдастыруда жаңа тәсілдерді қолдануды, серіктестермен жұмыс жасауды, медиа-индустриямен ықпалдастықты білдіреді", - делінген хабарламада.

Жуыр арадағы турнирлер  PUBG, FIFA19, DOTA 2, Fortnite II, PES2019, Auto Chess, Hearthstone, League of Legends және т.б. сияқты 12 атақты пәндер бойынша өтеді.


Көзі: yunews.kz