Отбасын қорқытып, оларды ақшаға сатып алуға тырысады – А. Саин - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Отбасын қорқытып, оларды ақшаға сатып алуға тырысады – А. Саин

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Тамыз конференциясында қазақстандық қоғам қайраткері Аружан Саин мектептерде балаларға зорлық-зомбылық көрсету және буллинг тақырыбын көтерді.

Президентке үндеуінде Аружан Саин қылмысты жасыру немесе тергеуге кедергі келтіру көбінесе ауылдар мен аудандарда орын алатынын айтты, себебі ол жерлерде тұрғындар бір-бірімен туысқан болады.

«Біз отбасыларға қауіп төндіріп, оларды сатып алуға тырысатын жағдайлармен кездесеміз, содан кейін жәбір көрген тарап өз арыздарын кері қайтарып алады. Нәтижесінде баланың құқықтары қорғалмайды. Кез-келген зорлық-зомбылық фактілерін жасырғаны және тергеуге кедергі келтіргені  үшін  бұлтартпайтын жауапкершілік болуы тиіс, әйтпесе біз бұл процесті тоқтата алмаймыз», - деп атап өтті Қазақстандағы Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин.


Көзі: yunews.kz