Президент Ұлттық биотехнология орталығына барды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Президент Ұлттық биотехнология орталығына барды

444

Smiley face

Ұлттық биотехнология орталығының Адам генетикасы зертханасының меңгерушісі Мақсат Жабагин Президентті Ұлттық биотехнология орталығына келіп, Нұр-Сұлтандағы тамыз конференциясында зерттеулермен танысуға шақырды.

"Біздің орталықта және Назарбаев Университетінде ежелгі ДНҚ мен адам генетикасына зерттеу жүргізетін жаңа бірлескен зертханалар бар. Ұлттық бағдарлама жағдайында Қазақстандағы археологиялық коллекцияларды және біздің гендік қорды зерттеу бойынша ауқымды жұмыстарды өрістетуге, сондай-ақ коммерциялық қызметтерді: шығу тегі мен туыстық ДНК-тестілерін дамытуға болады. Біз осымен айналысамыз", - деді М. Жабағин.

Сонымен қатар, ол Президенттің назарын Қазақстандағы ғалымдардың төмен еңбекақысына аударды.

"Орташа ғалымның еңбекақысы 120 мың теңгені құрайды. Бұл ретте ҒЗТКЖ-да бүгінгі күні тек 22 мың адам ғана жұмыс жасайды. Ал қоғам мен бизнес тарапынан ғылымнан жоғары үміт күтіледі. Бірақ бұл үшін жүйелі мәселелерді шешу қажет", - деп атап өтті М. Жабағин.

Ғылым өкілі өз ұсыныстарын егжей-тегжей айтып берді.

"Біріншіден - ғылыми жобаларды қаржыландырудың ашықтығын қамтамасыз ету қажет. Бүгінде министрлік ғылыми жұмыстардың конкурстары мен сараптамаларының жаңа рәсімдерін ұсынады. Бұл өзгерістер ашық талқылау барысында әзірленді және осы рәсімдердің ашықтығына бағытталған. Ғалымдар осы бағыттағы жұмысты жалғастыруы қажет. "Ғылым туралы" Заңға өзгерістер енгізу қажет. Екінші. Ғылыми қауымдастық Сіздің білім мен ғылымды қаржыландыруды ЖІӨ-ден 5%-ға дейін жеткізу туралы тапсырмаңызды толығымен қолдайды. Бірақ мұнда ғылым үшін мемлекет қаражатын, сондай-ақ жеке капиталды, бизнесті тарту маңызды. Сондықтан ғылыми салаға мемлекеттік емес инвестицияларды ынталандыру үшін нақты шаралар қабылдау қажет. Бұл жеңілдіктер, салық преференциялары, Салық кодексіне өзгерістер және басқа да заңдар. Бұл жерде ғылымға салық салудың 1%-ын пайдаланудың тиімділігі мен ұтымдылығы туралы мәселе тұр. Бұл қаражатқа барлық ғалымдар үшін ашық қолжетімділікті қамтамасыз ету қажет. Үшінші. Зерттеулер нақты нәтижелерге бағытталуы және инновациялық экономикаға жәрдемдесуі тиіс. Сонымен қатар іргелі ғылыми зерттеулер мен коммерцияландыру арасындағы тепе-теңдікті сақтау қажет", - деді М. Жабағин.

 Сөз соңында ол былай деп қосты:

"Кейде отандық ғылым әрқашан сын-қатерлерге жауап бермейтінін мойындау керек. Бұл бағдарлауға да, нарықтың қажеттілігіне де, коммерцияландыру дағдыларына, ағылшын тіліне де қатысты. Ғалымдарды оқыту бойынша Министрлік жүзеге асыратын бағдарлама осы проблемаларды шешеді деп үміттенемін.  Сонымен қатар көптеген докторанттар қорғауға мерзімінде шықпайды. Сондықтан әріптестер докторанттарға академиялық хатты және ғылыми зерттеулер әдіснамасын ағылшын тілінде енгізуді ұсынады. Менің ойымша, ғылыми-зерттеу институтында бюджеттен жеке қаржыландыру есебінен постдокторантураны енгізу, оған ғылыми дәрежесі бойынша болжанатын міндетті үстемелерді енгізу керек", - деп ұсынды М. Жабағин.


Көзі: yunews.kz