Павлодар облысының кәсіпкерлері бюджетке 5 млрд астам теңге төлемеген - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодар облысының кәсіпкерлері бюджетке 5 млрд астам теңге төлемеген

444

Smiley face

Павлодар облысы бойынша Экономикалық тергеу департаменті 2015 жылдан бастап жалған құжаттарды 23 жалған кәсіпорын атынан жазып беру қызметін жүзеге асырған ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті, деп хабарлайды ҚР Қаржы министрлігінің Қаржы мониторингі комитеті.

2019 жылы 27 маусымда жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде жалған кәсіпорын шотынан 7,5 млн теңге қолма-қол ақша алған Павлодар облысының екі тұрғыны ұсталды.

Фигуранттардың тұрғылықты жері бойынша және кеңселерде тінту жүргізу кезінде 9 200 АҚШ доллары, 20 млн теңгеден астам қаржы, 11 мөр, 14 заңды тұлғалардың электронды цифрлық қолы, бухгалтерлік құжаттар мен ұйымдастыру техникасы алынды.

ҰҚТ-ның заңсыз қызметінен мемлекет бюджетіне төленбеген салық түрінде 5 млрд теңгеден астам қаржы түскен жоқ, олар 2-3 балабақша, мектеп немесе аурухана құрылысына жететін еді.

Бүгінгі таңда ҰҚТ қызметіне 30-дан астам адам тартылғаны анықталды, оның ішінде 3 қатысушы сот санкциясымен қамауға алынды және біреуі халықаралық іздеуге жарияланды.


Көзі: yunews.kz