Алматыны абаттандыруды «Қатысу бюджеті» көмегімен жүзеге асыруға болады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алматыны абаттандыруды «Қатысу бюджеті» көмегімен жүзеге асыруға болады

444

Smiley face

Аулаларды абаттандыру, саябақтар мен скверлер құру, спорт алаңдарын немесе көше жарықтарын орнату - қалалық ортаны жақсарту және қала тұрғындарының өмір сүру сапасын арттыру жөніндегі осы және басқа да идеяларды бюджет қаражаты есебінен 2019-2020 жылдарға арналған "Қатысу бюджеті" пилоттық жобасы аясында жүзеге асыруға болады, деп хабарлайды Алматы қаласының ресми интернет-ресурсы.

Жобамен Алматының сегіз ауданына қала бюджеттен 500 млн теңге бөлу қарастырылған. Алматы қаласы әкімдігінің Қоғамдық қабылдау порталы арқылы OpenAlmaty budget.open-almaty.kz (web-нұсқа қолжетімді, мобильді - пысықтау барысында) қала тұрғындары ашық қолжетімді болатын ұсыныстар мен жобаларды енгізе алады. Олардың ішіндегі ең үздіктерін тұрғындардың өздері көпшілік дауыспен анықтайды. Сонымен қатар, жобаға Алматы қаласы Қоғамдық кеңесінің мүшелері, сарапшылар, мәслихат депутаттары, ҮЕҰ өкілдері өз бағасын береді.

Жобалық ұсыныстар мынадай критерийлерге сай болуы тиіс:

- бір автор - бір өтінім - бір объект;

- жалпы пайдалану объектісі;

- объект оны іске асыру жоспарланып отырған аудан аумағында, жалпы пайдаланудағы жер учаскесінде орналасуы тиіс және т. б.

Жобалық ұсыныстарды беру және іріктеу өлшемшарттары, тәртібі, сараптау комиссияларының функциялары туралы толық ақпаратпен OpenAlmaty қалалық порталында " Алматы қаласының 2019-2020 жылдарға арналған қатысу бюджеті" пилоттық жобасын ұйымдастыру тәртібінде" танысуға болады.


Көзі: yunews.kz