Велосипед мінген Семейдің әкімі қоғамдық көліктің жұмысын бақылайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Велосипед мінген Семейдің әкімі қоғамдық көліктің жұмысын бақылайды

444

Smiley face

Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімов брифинг барысында БАҚ өкілдеріне күнде таңертең қала көшелерін аралап, қоғамдық көліктің жұмысын қадағалайтынын жеткізді.

«Күн сайын таңертең алты жарымда велосипедпен Восток, Восточный кенттеріне  немесе әуежайға барамын. Аялдамаға тоқтап,  автобус күтемін.  Автобус күтіп тұрғанда, адамдармен сөйлесемін», - деді Ермак Бидахметұлы.

Сонымен қатар, қала басшысы қыркүйекте жаңа маршруттық желі іске қосылатынын атап өтті. Оңтайландыру барысында 13 бағыт қысқартылды, олар бір-бірін қайталаған бағыттар. Қала көшелерінен микроавтобустар біртіндеп жоғалады.

«Мен жүргізушілермен және тұрғындармен сөйлесемін. Автобустар толы. Бірыңғай қауіпсіздік ережелері бұған тыйым салады. Шағын автобустарда отыратын орындар болуы керек, жолаушылар тұрмауы керек», - деп атап өтті қала басшысы.

Smiley face

Е. Сәлімов автобустарда жолақы көтерілмейді деп атап өтті. Қазір қала тұрғындарына қоғамдық көлікте бір рет жол жүру құны 80 теңгені құрайды.

Скрин  @yermak.salimov.official видеосынан алынды /велосипедте/


Көзі: yunews.kz