Қарағандыда Орал қаласының тұрғыны 18 велосипед ұрлады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағандыда Орал қаласының тұрғыны 18 велосипед ұрлады

444

Smiley face

Ағымдағы жылы 2 ай ішінде қаскүнем 18 велосипед ұрлаған. Қарағанды қ. ПБ полиция бөлімдеріне қала тұрғындары жүгініп, бейтаныс адамның үй кіреберістерінен велосипедтерді жасырын ұрлап кеткендігі туралы арыз жазды, деп хабарлайды Қарағанды облысы ІІД баспасөз қызметі.

Аталған фактілер бойынша ҚР ҚК 188-бабы 1-бөлігі (ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Полиция қызметкерлері ұрлық жасалған үйдің тұрғындары мен көршілеріне сауалнама жүргізді.

Жедел-іздестіру шараларын жүргізу барысында Қарағанды қ. ПБ криминалдық полиция қызметкерлері 24 жастағы Орал қаласының тұрғыны ұстады, ол кінәсін мойындады.


Көзі: yunews.kz