Жасөспірімдер лагерінде ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жасөспірімдер лагерінде ұрып-соғу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде

444

Smiley face

Ғаламторда және БАҚ-та лагерь тәрбиешісі кәмелетке толмағандарға дене жарақатын келтіретін бейнекөрініс пайда болды. Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, оқиға Төлеби ауданында орын алған.

«Төле би аудандық полиция бөлімінде Бөрлі ауданы, Бөрлі ауылында орналасқан лагерьде тәрбиеші 4 кәмелетке толмаған балаға дене жарақатын келтіру дерегі тіркелді. Полиция қызметкерлері оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде», деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, желіде жасөспірімдерді тәрбиеші соққыға жыққан көрініс пайда болды. Қыз бір баланы итеріп, шашынан тартқан, ал басқа жасөспірімдерге  нормативтік емес лексиканы қолданып, балағат сөздер айтқан.


Көзі: Yunews.kz