Түркістан облысында екі қарт әйелдің ұрудың себебі белгілі болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысында екі қарт әйелдің ұрудың себебі белгілі болды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Түркістан облысында полиция қызметкерлері қарт әйелдерге дене жарақатын салу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізуде. Бұған дейін әлеуметтік желілерде екі қарт әйелге дене жарақатын салған бейнекөрініс пайда болды. Артынша аудандық полиция бөліміне ауруханадан екі әйелді дене жарақатымен жеткізгені туралы хабарлама келіп түсті.

«Оқиға орнына келген полиция қызметкерлері 15 тамыз күні кешкісін Келес ауданының тұрғыны жәбірленушінің үйіне кіріп, оның анасы мен өгей шешесіне дене жарақатын келтіргенін және қылмыс орнынан бой тасалағанын анықтады.

Аталған факті ҚР ҚК - нің 107-бабы «Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру» және 149-бабы «Тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу» бойынша қылмыстық іс тіркелді», деп хабарлады Түркістан облысының полиция департаменті.

Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп, орын алған оқиғаның барлық мән-жайлары анықталуда. Күдіктіге іздеу жүргізілуде. Айта кету керек, ең қарт әйел 95 жаста.


Көзі: Yunews.kz