Ұрлық түбі - қорлық… - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ұрлық түбі - қорлық…

444

Smiley face
Фото: lawyer-expert.ru

Павлодар ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімінің бас маманы А.Оспанов алаяқтық жасады деп күдіктенген. Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаменті Оспановқа қатысты тергеуді аяқтады.

Белгілі болғандай, Оспанов өзінің қызметтік жағдайын пайдалана отырып, бюджет қаражатын өзінің карточкалық шотына және ММ қызметкерлерінің шоттарына заңсыз аудару жолымен алаяқтық жасаған.

Ағымдағы жылдың 12 тамызында Павлодар қаласының №2 сотының үкімімен Оспанов 3 жыл 6 айға бас бостандығынан  айырылды.

Сотталушы өмір бойы мемлекеттік қызметте қызмет атқару құқығынан айырылды.


Көзі: yunews.kz