Ауыл тұрғыны дала өртіне кінәлі болды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ауыл тұрғыны дала өртіне кінәлі болды

444

Smiley face
Фото: ДЧС Акмолинской области

Ақкөл ауданы Виноградовка ауылының тұрғыны дала өртіне кінәлі болды. Ақкөл аудандық ТЖ бөлімінің қызметкерлері анықтағандай, өрттің себебі шөп шабуға шыққан ауыл тұрғыны тракторының түтіндігінен ұшқан ұшқын болды.

«14 тамызда 10 сағат 17 минутта Ақкөл қ. 26-ӨСБ ӨҚБ-не Наумовка ауылдық округінің аумағында 0,5 га аумақта құрғақ шөптің жанғаны туралы ақпарат келіп түсті. Өрт хабарлама түскеннен кейін бір сағат соңыра өшірілді. Ол үшін орман шаруашылығы, өрт сөндіру бекеті мен Қазавиақұтқару тікұшағының күштері жұмылдырылды. Кейінірек 1994 жылы туған Ақкөл ауданының тұрғыны өрт шығуға  кінәлі екені анықталды. Трактордың түтіндігінде ұшқын сөндіргіш болмаған. Нәтижесінде құрғақ шөпке ұшқын ұшып, өрт ошағы пайда болды», - деді Ақкөл ауданының ТЖБ бастығы Болат Құсайынов.

Smiley face
Фото: ДЧС Акмолинской области

Құқық бұзушы әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Ауыл тұрғыны кінәсін толық мойындап, өртті байқағанда оны өз бетінше сөндірмек болғанын, бірақ қатты желге байланысты өшіре алмағанын айтты. Содан кейін ол өрт сөндірушілерге қоңырау шалып, оқиға туралы хабарлаған.


Көзі: yunews.kz