Ол Жеңіс шыңынан оралмады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ол Жеңіс шыңынан оралмады

444

Smiley face

Альпинистер тобының құрамында Тянь-Шань шыңдарын бағындыруға аттанған алматылық альпинист Александр Чечулин 16 тамызда таңертең ұйқысынан оянбады. Бұл жаңалық әп-сәтте әлеуметтік желілерде таралды, адамдар көңіл айтып қайғыруда.

Кеше Қырғызстанда жоғалып кеткен альпинистер туралы ақпарат @strangeice Instagram пайдаланушысының парақшасында пайда болды.

"Тауларда адамдар жоғалып кетті. Біздің альпинистерімізді табуға  көмектесейік. Егер сізде ТЖМ-де байланысыңыз  болса - хабарлаңыз. ЕКІ АЛМАТЫЛЫҚ АЛЬПИНИСТ ШЫҢНЫҢ БАСЫНДА ҚАР АСТЫНДА ТАМАҚСЫЗ ЖӘНЕ ЖАБДЫҚСЫЗ ҚАЛДЫ 📣. ЖЫЛУ КӨРУ құралы, pulsar trail xp50 тепловизиялық көздеу қажет", - деп хабарлайды беттің пайдаланушысы.

Сондай-ақ, постта Жеңіс шыңында үш адам қалғаны айтылады -Мұрат Өтепбаев, Андрей Корнеев және өкпенің қабынуына қаза тапқан Александр Чечулин.

 "...Жеңіс шыңында шамамен 6600 метр биіктікте қалды, төмен түсуге және ол жерде қалуға да мүмкіндіктері жоқ. Табиғи жағдайлар мен керек-жарақтың болмауы топқа уақытында базалық лагерьге түсуге мүмкіндік бермеді. Аман қалған Мұрат Өтепбаев пен Андрей Корнеевтың ешкіммен байланысуға мүмкіндігі жоқ", - деп жазады Instagram пайдаланушысы.

Аталған беттің ақпаратына қарағанда, Қырғызстан ТЖМ-нің құтқарушылар тобы МИ-8 тікұшағымен 6600 м биіктікте болжалды  учаскені шолып өткен. Қазіргі уақытта құтқарушылар ауа райы жағдайына байланысты жоғалып кеткендерді іздестіруді тоқтатпақ.

Smiley face

«Ветер странствий» журналы Facebook-тегі парақшасында қайғылы оқиға туралы хабарлады:

"Биыл Тянь-Шаньда қар көп. Альпинистік лагерьлердің кейбір клиенттері Жеңіс шыңына шығу әрекеттерінен бас тартты. Алматылық топ - Мұрат Өтепбаев, Александр Чечулин және Андрей Корнеев - Дикий асуынан Жеңіс шыңына жетті. Биіктікте Чечулин науқастанып қалды – өкпенің ісінуіне күдік болды. Топ шатырдың тіреулерін жоғалтып, қар шұңқырында түнеуге тура келді. Бүгін таңертең 16 тамызда Александр ұйқысынан оянбады...", - деп жазады журнал.

Александр Чечулиннің Facebook-тегі парақшасы достары мен жақындарының  көңіл айту сөздеріне толы:

"Саша, өкінішті! Иманды болсын»

"Мен әлі күнге дейін сене алар емеспін, қайғылы жағдай! Барлығы үшін рақмет.

Қош бол, менің досым.

RIP»

АНЫҚТАМА: Александр Чечулин 15 рет шыңға шықты, соның ішінде Жеңіс шыңына шығып, бірнеше рет құтқару және іздестіру операцияларына қатысты. Ол 58 жаста еді. Оның артында әйелі мен екі баласы қалды.


Көзі: yunews.kz