Нұр-Сұлтанда велошеру өтті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Нұр-Сұлтанда велошеру өтті

444

Smiley face

Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары 14 шақырым қашықтықты велосипедпен жүріп, спорт күнін атап өтті, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.

Мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырған дәстүрлі велошеруге  1000-ға жуық велоспорт әуесқойлары жиналды. Іс-шараға қатысушылар Қабанбай батыр даңғылынан (Салтанат сарайы) Ұлы Дала көшесіне дейін, әрі қарай Тұран даңғылы бойымен Орталық саябақтағы мәреге жетті. Қатысушыларды құттықтай отырып, қала әкімінің орынбасары Бақтияр Мәкен халық арасында спорт мәдениеті жоғары деңгейде дамып келе жатқанын атап өтті. Бұл  түрлі бағыттар бойынша көптеген халықаралық спорттық іс-шаралар өткізумен дәлелденеді.

 "Мен бүгінгі велошеру  жастарды спортпен айналысуға және салауатты өмір салтын насихаттауға септігін тигізетініне сенімдімін. Барлық қатысушыларға сәттілік пен үлкен жеңістер тілеймін!",- деді Б.Мәкен.

 Велошеруге қатысушылар арасында мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, белгілі қоғам қайраткерлері, велоспорттың кәсіпқойлары мен әуесқойлары болды. Мәреде тіркелген қатысушылар арасында велосипедтер мен естелік жүлделер ұтысы өтті.

Smiley face
Smiley face

Smiley faceSmiley face

 


Көзі: yunews.kz