СҚО-да тез бұзылатын өнімді тасымалдауға арналған вагондар өндірісі іске қосылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СҚО-да тез бұзылатын өнімді тасымалдауға арналған вагондар өндірісі іске қосылды

444

Smiley face

Петропавлда бірнеше кәсіпорынның бірлескен күшімен тез бұзылатын азық-түлік өнімдерін тасымалдау үшін нарықта сұранысқа ие изотермиялық вагондарды шығару жобасы іске қосылды, деп хабарлайды "Атамекен" ҰКП баспасөз қызметі.

Жаңа өндірісті "Петропавл ауыр машина жасау зауыты" АҚ және "CОLL INFINITY" ЖШС ("Салқын  шексіздік" машина жасау корпорациясы) жүзеге асырады.  Жобаны ҚР "Атамекен" ҰКП Басқарма төрағасының орынбасары Евгений Больгерт өзі зерттеді.

"Кәсіпорында "COAL INFINITY" ЖШС ұсынған конструкторлық құжаттама бойынша өндірістің толық циклі бар. Инжинирингтік орталықтың өз күшімен стапельді стендтік жабдық жобаланды. Біз вагондардың технологиялық дайындалуының әрбір кезеңі немен байланысты екенін түсінеміз. Біз әлеуетті серіктестерімізбен елеулі сату көлемі туралы диалогқа дайынбыз. Бұл жоба кәсіпорын өндірісін жете жүктеуге мүмкіндік береді", - деді кездесуге қатысушыларға "ПАМЗ" АҚ бас директоры Вадим Шақшақбаев.

Smiley face

Біріншіден, зауытта жоғары білікті маман-дәнекерлеуші және слесарь-құрастырушылар бар. Екіншіден, конструкторлық-технологиялық бөлімшенің жақсы әлеуеті бар. Осының барлығы ақпан айынан бастап вагон өндірісін қысқа мерзімде игеруге, құрастыру желілерін жолға қоюға, сәйкестік сертификатын алуға мүмкіндік берді", - деді жоба туралы " CОLL INFINITY" ЖШС Бас директоры Валентин Каргин.

Кездесу барысында Евгений Больгерт изотермиялық вагондар құрылысының барлық кезеңдерімен танысты. Ол жоба орындалған мерзімдердің қысқарғанын атап өтті, бұл инвестор мен кәсіпорынның өзара іс-қимылының үйлесімділігін көрсетеді.

"Қазақстандық нарықта ғана емес, әлемде сұрансқа ие болатын жаңа үлгідегі вагондардың құрылысы бойынша күрделі жоба жүзеге асырылды. Бұл вагондар Қазақстанның транзиттік және экспорттық әлеуетін арттыруға мүмкіндік береді. Біз "ПАМЗ" АҚ өнімдерін Ресей Федерациясының нарығына жылжыту бойынша белгілі бір қадамдарды белгіледік. Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы Инвестиция және даму министрлігіне нарықта сұранысқа ие өнім шығаратын кәсіпорындарды қолдау үшін жүгінуге ниетті, бұл импортты алмастыру міндетін шешеді, экспортқа бағытталған Тауар ұсынады", - деп түйіндеді Больгерт.


Көзі: yunews.kz