Көшпелі сот отырысында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша 31 әкімшілік іс қаралды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Көшпелі сот отырысында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша 31 әкімшілік іс қаралды

444

Smiley faceФото: Fishki.net

 Тұрғындар арасында ұсақ құқық бұзақылық пен тәртіпсіздікке «Нөлдік төзімділік» қағидасын қалыптастыру, азаматтардың құқықтық санасы мен құқықтық мәдениетін арттыру бойынша 2019 жылдың 16 сәуірінде, Нұр-Сұлтан қ. "Сарыарқа" ауданы ПБ Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен бірлесе отырып, кезекті көшпелі сот отырысы өткізілді.

Көшпелі сот отырысында ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы «Ұсақ бұзақылық» бойынша 31 әкімшілік іс қаралды.

Мысалы,  16.08.2019 жылы сағат 14.10 шамасында Т.есімді азамат Желтоқсан көшесі бойында   автокөлігінің терезесінен темекі қалдығын тастап, ортақ пайдалану орнын ластап, қоғамдық тәртіпті бұзған.

Көшпелі сот отырысында Нұр-Сұлтан қ. Мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотымен  Т. есімді азамат әкімшілік жауапқа  тартылып,  5 АЕК (12625 теңге) айыппұл салынды.

Нұр-Сұлтан қ. жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Госман Жақиннің айтуынша, жалпы, ағымдағы жылдың  басынан  «нөлдік төзімділік» қағидатын іске асыру шеңберінде  41 мыңнан астам хаттама толтырды (ұсақ бұзақылық – 2133, тыныштықты бұзу – 3959, спирттік ішімдіктер ішу, қоғамдық орындарда мас күйінде келу – 13782, белгіленбеген жерде темекі шегу – 6172, қоғамдық орындарда ұстау – 2852, абаттандыру ережелерін бұзу – 12894) және 50 құқық бұзушылар  әкімшілік қамауға алынды (ұсақ бұзақылық – 37, спирттік ішімдіктер ішу, қоғамдық орындарда мас күйінде келу – 13).


Көзі: yunews.kz