Қазақстан жыл басынан бері экспортқа 1221 автомобиль жіберді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстан жыл басынан бері экспортқа 1221 автомобиль жіберді

444

Smiley face

Отандық автоөндірушілер автокөліктерді шығаруды ұлғайтуды жалғастыруда. 2019 жылы шілде айында барлық үлгідегі 4 064 көлік құралы өндірілді, ал шілде айында автоөндірістің нарықтық үлесі рекордтық 61% - 56,9% -ға жетті, деп хабарлады Қазақстан автобизнес қауымдастығы.

Жеңіл автомобильдер өндірісінің өсуімен бірге автобустар шығару төрт есеге өсті. Бұдан басқа, жалғыз автоөндіруші - экспорттаушы – «Сарыарқа Авто Пром» есепті айда 694JAC кроссоверін Ресей нарығына жіберді. Жыл басынан бері жалпы құны 6 512 млн теңге болатын осы маркалы 1219 автокөлік экспортқа жіберілді.

Қазақстан автобизнес қауымдастығы мәліметтері бойынша, 2019 жылдың жеті айында Қазақстанда 24 687 көлік құралы өндірілді. Қазақстандық өндірістік алаңдардың күшімен 22 280 жеңіл автокөлік, 1 196 жүк көлігі, 754 автобус, 422 тіркеме және жартылай тіркеме, сондай-ақ 35 арнайы техника шығарылды.


Көзі: yunews.kz