Инфляцияны ұстап тұру үшін 10 тауар анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Инфляцияны ұстап тұру үшін 10 тауар анықталды

444

 

Smiley face
Фото из открытых источников

ҚР Үкіметі отырысында Ұлттық экономика министрі Руслан Даленовтің айтуынша, кейбір азық-түлік тауарларының бағасы өсті.

Нұр-Сұлтан, Жезқазған және Талдықорған қалаларында едәуір ұлғаю байқалады. Тұтастай алғанда, республика бойынша әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының ішінде мынадай өнімдерге: пияз, сәбіз, картоп, күріш және 1-сұрыпты ұн бағасының едәуір өсуі байқалады.

«Біз ағымдағы жылы инфляцияны белгіленген дәлізде ұстап тұру үшін 10 тауарды анықтадық. Бұл пияз, сәбіз, картоп, қызылша, күріш, ұн, жылқы, қой, сиыр еті және нан»,  деді министр. Аталған тауарлар тобын министрлік бағаны төмендету үшін күшейтілген шараларды бақылап, қабылдауды жоспарлап отыр.

Жоғарыда көрсетілген өнімдердің бағасын бақылауды жергілікті атқарушы органдар, Ұлттық экономика министрлігі, Ауыл шаруашылығы министрлігі, сондай-ақ Сауда және интеграция министрлігі қамтамасыз ететін болады.


Көзі: yunews.kz