Ер адам Байқоңырда аялдамасында 5 жасар қызын зорлауға тырысты - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ер адам Байқоңырда аялдамасында 5 жасар қызын зорлауға тырысты

444

Smiley face
Фото пресс-службы Следственного комитета Российской Федерации на комплексе «Байконур»

33 жасар ер адам өзінің 5 жасар қызын Байқоңырда аялдамада зорлауға тырысты.

Ресей Федерациясы Тергеу комитетінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, күдікті ұсталды.

"Тергеу мәліметтері бойынша, 16 тамыз күні сағат 18: 00 шамасында 1986 жылы туылған жергілікті тұрғын қоғамдық орында мас күйінде, Байқоңыр қаласының Королев даңғылындағы автобус аялдамасында өзінің бес жасар қызына қатысты жыныстық сипаттағы әрекеттер жасаған. Ер адамның қылмыстық іс-әрекеттерінің кездейсоқ куәгерлері жолын кесті",-деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта күдікті ұсталды, тергеушілер сотқа оны қамауға алу туралы өтініш жіберді.Жедел түрде РФ ҚК 132-бабының белгілері бойынша қылмыстық іс қозғалды (он төрт жасқа толмаған адамға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері).


Көзі: yunews.kz