БҚО-да 13 жасар жеткіншекке педофил тиіскен - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

БҚО-да 13 жасар жеткіншекке педофил тиіскен

444

Smiley face

Бұл соңғы екі аптада болған екінші оқиға. БҚО-ның Ақжайық ауданында педофилия фактісі тіркелді. Кенттердің бірінде ер адам 13 жасар балаға тиіскен. Батыс Қазақстан облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, айыпталушы ҚР ҚК-нің 121-бабы 3-бөлігі «кәмелетке толмаған тұлғаға қатысты жасалған жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бойынша 2 айға қамауға алынды. Тергеу мәліметтері туралы тергеу құпиялары мен моральдық пайымдауларға байланысты ештеңе хабарланбайды.

Еске саламыз, осыдан екі апта бұрын Жаңа кентінде педофилия жағдайы белгілі болды. Екі кішкентай қызға жыныстық зорлық-зомбылыққа жергілікті тұрғын күдіктеніп отыр. Жас жігіт жақында әскерден оралған. Жергілікті тұрғындардың ақпараты бойынша, педофилдің құрбандары оның кішкентай көршісі және қаладан қонаққа келген оның туыс қызы болған.

Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Теректі полициясы «жыныстық сипаттағы күш қолдану әрекеттері» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.


Көзі: yunews.kz