Атырауда масалар топтары шабуыл жасауда - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда масалар топтары шабуыл жасауда

444

Smiley face

Атырау тұрғындары мемлекеттік құрылымдардың барлық әлеуметтік желілеріне масаларға шағым түсірді. Қала тұрғындары жүздеген жәндіктер төбелерді, терезелерді және олардың пәтерлерінің есіктерін, үйлердің кіреберістерін басып алғанын айтуда.

Осы жылы ерте басталған жәндіктермен күреске қарамастан, қалада олардың саны азайған жоқ. Мамандардың хабарлауынша, қазір Атырауда масалар санының көбеюі байқалады. Зиянкестерді улаумен «AG Disinfectionservices» ЖШС айналысады. Оған бюджеттен 127 млн астам теңге бөлінген. Осы компанияның энтомологы Айнагүл Дәулетиярованың ақпараты бойынша, «Ақжайық» резерватында осы жылдың шілде айында болған және шілде айының соңында және тамыз айының басында түскен жауын-шашынның рекордтық мөлшері  жәндіктердің көбеюінің себебі болып отыр. «Қамыс өсінділерінде тұратын масаларды бізге жел әкелді. Оған қоса, ұзақ уақыт бойы жаңбыр жауып, одан кейін үйлердің жертөлелерін су басты. Қолайлы орта нәтижесінде жәндіктер саны бірнеше есе артты. Бүгінгі таңда өңдеу жұмыстары күніне төрт рет 40 мың гектардан астам алқапта жүргізіледі», деп хабарлады Айнагүл Дәулетиярова.

Қан сорғыштардың таралуының тағы бір себебі олардың улауда қолданылатын уға тез бейімделуі болды. Жаз басталғаннан бері мамандарға төрт препаратты ауыстыруға тура келді.


Көзі: Yunews.kz