СҚО-да екі жасар қыз терезеден құлап кетті - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

СҚО-да екі жасар қыз терезеден құлап кетті

444

Smiley face

«Петропавл қаласының Ғ.Мүсірепов көшесіндегі 5 қабатты үйдің 4-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен абайсызда 2017 жылы туылған қыз бала құлап кетті», деп хабарлады СҚО ТЖД баспасөз қызметі.

Бала аудандық орталық ауруханаға шұғыл жеткізілді. Бірақ дәрігерлердің күш-жігеріне қарамастан, сәбидің өмірін сақтап қалу мүмкін болмады. Жыл басынан бері СҚО-да балалардың терезеден құлап кетуінің үшінші фактісі тіркелді. Естеріңізге сала кетейік, 11 маусым күні Петропавл қаласында  Уәлиханов көшесіндегі 5 қабатты үйдің 5-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 2017 жылы туған бала құлап кеткен. Алған жарақаттарынан бала көз жұмды. 19 маусымда Петропавл қаласында Қазақстан Конституциясы көшесіндегі 9 қабатты үйдің 9-қабатында орналасқан пәтердің терезесінен 2018 жылы туған қыз құлап кетті. Ол алған жарақаттан қайтыс болды.

Төтенше жағдайлар департаменті балаларды қорғау үшін келесі іс-шараларды жүргізуді ұсынады:

- үйде бала болса, терезені ашық қалдырмау;

- терезені тиісті қорғаусыз москит торларын қолданбау;

 - баланы, әсіресе терезелердің, балкондардың және шыны есіктердің жанында ойнайтын баланы қараусыз қалдырмау;

- терезелерге баланың өз бетінше шығуына кедергі келтіретін кілт бар блокираторлар немесе терезе тұтқаларын орнату.


Көзі: Yunews.kz