Алмазбек Атамбаевты ұстау заңды деп танылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Алмазбек Атамбаевты ұстау заңды деп танылды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Бішкектің Первомай аудандық соты сейсенбі күні Қырғызстанның бұрынғы Президенті Алмазбек Атамбаевтың ұсталуын заңды деп таныды, деп хабарлайды РИА Новости.

Өткен аптада бұрынғы Президенттің қорғаушысы Сергей Слесарев сотқа шағым беріп, Атамбаевты оған заң бойынша қол сұғылмауы қажеттігіне байланысты заңсыз ұстау туралы мәлімдеді. «Сот қорғаушының шағымын қанағаттандырусыз қалдыруға қаулы етті», деп шешім қабылдады Первомай аудандық сотының судьясы Әбдіразақ Боромбаев.

Бұрынғы Президент қазір Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің тергеу изоляторында қамауда жатыр. Бұған дейін Первомай аудандық соты Алмазбек Атамбаевтың қамау мерзімін 26 қазанға дейін ұзарту туралы шешім қабылдаған болатын.


Көзі: Yunews.kz