Түркістан облысының полиция қызметкерлері Қарт әйелдерді соққыға жыққан күдіктіні ұстады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Түркістан облысының полиция қызметкерлері Қарт әйелдерді соққыға жыққан күдіктіні ұстады

444

Smiley face

Бірнеше тәуліктен кейін, жедел-іздестіру іс-шарасы барысында Келес АПБ қызметкерлері екі қарт әйелді ұрып-соғып құдіктіні, полиция бөліміне жеткізді. Қазіргі уақытта оқиғаның барлық жағдайы анықталуда.

"Аталған факті СДТБТ-да ҚР ҚК 107-бабы" Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру "және ҚР ҚК 149-бабы"тұрғын үйге қол сұғылмаушылықты бұзу" бойынша тіркелген. Күдікті қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде" ,- деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Естеріңізге сала кетейік, бұған дейін Келес аудандық полиция бөліміне ауруханадан хабарласты, екі әйелді қатты дене жарақатын алғаны деп. Полиция қызметкерлерінің анықтауы бойынша, жергілікті тұрғын жәбірленушінің үйіне кіріп, өзінің өгей шешесіне және оның 95 жастағы анасына дене жарақатын салып, қылмыс орнынан бой тасалаған.


Көзі: yunews.kz