Партиялық БАҚ идеялық, жедел ақпарат көзі болуы тиіс - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Партиялық БАҚ идеялық, жедел ақпарат көзі болуы тиіс

444

Smiley face

«Nur Otan» партиясының отырысында Ұлт көшбасшысы БАҚ-та жала жапқаны үшін жазаны күшейтуді ұсынды.

«Бүгін шындықты бұрмалайтын арналар мен жаңа медиа саны артып келеді. Тек осылай.  Қандай да бір сауалнамалар. Шындық емес. Бүкіл топ, партияның медиа тобы, теледидар арналары, газеттер үнсіз отырады. Біздің орталық ақпараттық арналарымыз да үнсіз. Бұрын редакторлар мәжбүр етті: сен маған төлейсің, әйтпесе мен қазір жаман мақаланы басып шығарамын. Және әкімдер оларды төледі. Ал қазір редакторларды қорқытады: егер сен мұны істесең, мен жұмыстан түсіремін. Бұл қалай? Қазір кез келген жергілікті шағын проблема республикалық кең ауқымда жарияланады. Жақсы, интернет көмектеседі. Бірақ ешкім жауап бермейді. Партия жала жапқаны үшін жазаны қатаңдату заңын қабылдауға бастамашылық жасауы тиіс. Ешкім де қорқытып, қорлауға, бізде жасалған істерді абсурдқа жеткізуге құқық берген жоқ. Дәстүрлі БАҚ ұстанымдарынан кем түспейд»", деді Елбасы.

«Шенеуніктер редакторларға қысым көрсетіп, сындарды түрлі жолдармен бұғаттайды. Сондықтан балама шындық қалыптасады. «Нұр Отан» өз стратегияларын қайта қарауы тиіс. Барлығы мемлекеттің қолында, партияда жақсы медиа бар. Сондықтан «Нұр Отан» өзінің ақпараттық стратегиясын түбегейлі қайта қарауы керек. Партиялық БАҚ идеялық, жедел ақпарат көзі болуы, адамдарда сенім тудыруы тиіс. Және қарсы жауап беруге қорықпаңыз. Алда жұмыс істеу керек. Интернет пен әлеуметтік желілерде белсенді жұмыс істеу керек, ал бізденеге олай емес? Ең талантты адамдарды тарту, оларға тиісті жалақы төлеу керек және жұмыс істейтін болсын», деді Н. Назарбаев.


Көзі: yunews.kz