Қазақстанда бірінші рет Пәкістан арнайы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу өтеді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда бірінші рет Пәкістан арнайы бөлімшелерімен бірлескен оқу-жаттығу өтеді

444

Smiley face
Фото: пресс-служба МО РК

«Шығыс» өңірлік командованиесінің «Ново-Ахмирово» полигонында ҚР Қорғаныс министрлігі Қазақстан мен Пәкістан елдерінің арнайы бөлімшелерінің  «DOSTARYM-2019» тактикалық-арнайы оқу жаттығуларын өткізеді, деп хабарлады ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі. Оқу жиыны екі кезеңге бөлінген. Әр кезеңге жүктелген нақты міндеттер бар.

Бастапқы кезеңде арнайы жасақтар бірлескен әскери операция өткізіп, өзара бірлескен іс-қимылдарды пысықтайды. Содан кейін тікелей барлау-әскери қимылдарға кіріседі.

Тактикалық-арнайы оқу жаттығуларына екі елдің тарапынан 200-ден аса әскери қызметшілер, 30 бірлік әскери және арнайы техника, сол сияқты армия авиациясы қатысады. Екі елдің арнайы бөлімшелерінің сарбаздары заңсыз қарулы жасақтарды анықтау, тосқауыл қою және жою бойынша мәселелерді пысықтайды.

DOSTARYM-2019» тактикалық-арнайы оқу жаттығуларының басты мақсаты – сарбаздардың терроризмге қарсы күрестегі кәсіби біліктілігін арттыру, өзара тәжірибе алмасу және дала жағдайында террорлық әрекеттерге қарсы даярлық жүргізу.

Халықаралық әскери ынтымақтастық аясында Қазақстан Қарулы Күштері Қырғызстан, Өзбекстан, Тәжікстан, Россия, Беларусь, Индия, Түркия және басқа елдердің әскери бөлімшелерімен бірлескен  оқу жаттығу жиындарын өткізіп тұрады.


Көзі: Yunews.kz