Қазақстанда күн суытады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанда күн суытады

444

Smiley face

Синоптиктер 22 - 24 тамыз арасында жаңбыр жауып, күн суытады деп болжауда.

«Суық атмосфера ағыны республиканың солтүстігінде ауа температурасын төмендетеді. Алдағы екі тәулікте еліміздің солтүстік, орталық және шығыс облыстарында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды. Қатты жел тұрып, кей жерлерде бұршақ жаууы мүмкін»,- деп хабарлады «Казгидромет» РМК.

Синоптиктер еліміздің оңтүстік облыстарында да кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнайды деп отыр. Тек еліміздің оңтүстік-батыс өңірінде ғана жаңбыр жаумайды, күн ашық болады.


Көзі: Yunews.kz