Елордалық білім көрмесінде, жаңа педагогикалық технологиялар үлгілері көрсетілді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Елордалық білім көрмесінде, жаңа педагогикалық технологиялар үлгілері көрсетілді

444

Smiley face
Фото: пресс-служба акимата г. Нур-Султан

Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі ресми сайты хабарлайды. «Көрме» ортылығында тамыз кеңесі шеңберінде елордалық білім көрмесі өтті.

Көрмеде қалалық білім ұйымдарына инновацияларды енгізу жөніндегі жетістіктер ұсынылды.

Smiley face
Фото: пресс-служба акимата г. Нур-Султан

Бұл шараға 4565 ұстаз, 504 ата-ана, 650 бала және 195 студенттер, сонымен қатар қонақтар мен еріктілер қатысты.

Қатысушыларға экскурсия және ойын алаңдары ұйымдастырылды.

Сонымен қатар, қатысушылар интерактивтік ойындардың жаңа үлгілерімен танысты, кеңейтілген және виртуалды шындық кеңістігінде сезінеді.

Smiley face
Фото: пресс-служба акимата г. Нур-Султан

«Lesson study», «Критериалды бағалау», «Кәсіптік оқыту», «Инклюзивтік білім беру» білім беру технологиялары аумағы ашылады, STEM-олимпиадасы жеңімпаздарының қолымен жасалған ғарыш кемесінің, шағын мұнаралардың, көпірлер баламалары ұсынылады.

Сондай-ақ, көрмеде заманауи көп функционалды және жабдықтарымен жабдықталған кабинеттер, робототехника, STEM, физика, химия, радиоэлектроника, 3D технологиялары, ұшу аппараттары бар, бірегей заманауи дизайні бар кабинеттер мен бос мектеп кеңістіктері, балабақшлардағы интерактивті оқу жабдықтары бар 17 әлеуметтік серіктестер Ресей, Оңтүстік Корея, Польша, Финляндия мемлекеттерінің кеңейтілген павильондары орнатылған.

Smiley face
Фото: пресс-служба акимата г. Нур-Султан


Көзі: yunews.kz