«Астана» университетінің лицензиясы уақытша тоқтатылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

«Астана» университетінің лицензиясы уақытша тоқтатылды

444

Smiley face
Фото из открытых источнков

«Астана» университетінде жүргізілген жоспардан тыс тексеру барысында бірқатар бұзушылықтар анықталды.

ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметінің ақпараты бойынша, бұл бұзушылықтар аталған университетте құжаттар қабылдауға, емтихандар өткізуге және іс қағаздарын жүргізуге қатысты орын алған.

Тексерудің қорытындылары бойынша, университетке айыппұл салынды және  лицензиясы уақытша тоқтатылды.

«Сонымен қатар, университетке барлық анықталған бұзушылықтарды 2019 жылдың 1 қыркүйегіне дейін жою туралы талапхат берілді», деп хабарлады ҚР Білім және ғылым министрлігінің баспасөз қызметі.


Көзі: yunews.kz