Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде қандала басып кеткен оқушылар кітаптарын алған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтау қаласындағы мектептердің бірінде қандала басып кеткен оқушылар кітаптарын алған

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Ақтау қаласындағы №6 мектепте оғаш оқиға орын алды. Жақында жетінші «Д» сыныбының оқушыларына мектеп оқулықтары берілген. Бұл оқулықтарды үйіне алып келген оқушылар кітаптардың ішін қандалалар жайлап алғанын көрген. Содан кейін олардың ата-аналары осы оғаш оқиғаға байланысты жергілікті ақпарат құралдарына   арызданған.

Мектеп басшылығы өздеріне ата-аналар тарапынан шағым түспегенін, ал бұл жағдай туралы мұғалімдердің бірінен білгендерін мәлімдеді.

«Біздің мектепте талапқа сай дезинсекция жұмыстары жүргізілген. Сондықтан, қандала біздің кітапхана арқылы тарады деп айтуға негіз жоқ», деді осы мектеп директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары Рая Рахмединова.

Қалалық білім бөлімі өз тарапынан осы жағдайға байланысты тексеру жұмысы жүргізілетінін, оның нәтижесі кейінірек белгілі болатынын хабарлады. 


Көзі: Yunews.kz