Асқар Мамин Дмитрий Медведевпен кездесті және Татарстанның өнеркәсіп кәсіпорындарына барды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Асқар Мамин Дмитрий Медведевпен кездесті және Татарстанның өнеркәсіп кәсіпорындарына барды

444

Smiley face
Фото: пресс-служба Премьер-Министра РК

Татарстанда Асқар Мамин РФ Үкіметінің төрағасы Дмитрийм Медведевпен кездесті. Үкіметаралық келіссөздер екі елдің арасындағы сауда-экономикалық,  инвестициялық әріптестікті, өнеркәсіп кооперациясын одан әрі дамытуға, энергетика, ауыл шаруашылығы, көлік салаларында өзара ынтымақтастықты күшейтуге бағытталды. Кездесу барысында сол сияқты шекара жанындағы және интегрциялық әріптестік саласындағы маңызды мәселелер қарастырылды, деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

«Біздің бизнес қауымдастықтар арасындағы тауарлар мен қызмет көрсетулердің  номенклатурасын кеңейту, тауарларды үшінші елдердің нарығына шығару бойынша бірлескен жұмыстарды жалғастыруымыз қажет», деді Асқар Мамин.

Smiley face
Фото: пресс-служба Премьер-Министра РК

Қазақстан мен Ресей арасындағы әріптестіктің маңызды бағытының бірі өнеркәсіп  кооперациясы болып табылады. Жұмыс сапары барысында ҚР Премьер-Министрі Татарстанның үлкен өнеркәсіп кәсіпорындарында болды. Атап айтқанда, «КАМАЗ» машина жасау заводы, «Танеко» мұнай өңдеу заводы кәсіпорындарына барып, Қазан вертолет заводы мен «Химград» технополисінде болды.

Келіссөздердің қорытындылары бойынша «Астана» халықаралық қаржы орталығы мен «Wildberries» компаниясы арасында өзара әріптестік туралы меморандумға қол қойылды, сол сияқты «Wildberries» компаниясына «Астана» халықаралық қаржы орталығына қатысушы ретінде сертификат тапсырылды.


Көзі: Yunews.kz