Қарағанды облысында тағы да бала терезеден құлады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қарағанды облысында тағы да бала терезеден құлады

444

Smiley face
Фото: saratov24.tv

Төтенше жағдай Жезқазған қаласында орын алды. 2018 жылы туған бала бес қабатты үйдің бірінші қабатының терезесінен құлап кеткен. Ол қалалық аурухананың балалар хирургиялық бөлімшесіне жатқызылды. Алдын ала қойылған диагноз – иығы сынған және миы шайқалған. Медиктердің айтуынша, бала орта дәрежелі жарақат алған. Бұл облыс бойынша биылғы жылы болған балалардың терезеден құлауының 16-шы дерегі болып табылады. Екі бала қайтыс болды.

«Балалар терезедегі москит сеткасына сүйеніп, құлап жатыр. Пластикалық терезелер балаларды қорғау құралымен жабдықталмаған. Оған сүйенген балалар көп қабатты үйлердің терезелерінен құлап кетіп жатыр. Осы жағдайдан қайтыс болған балалар бар. Бірнеше бала ауыр жарақат алды. Ата-аналарды өз балаларының қауіпсіздігін қамтамасыз етуге шақырамыз», деді Х. Мақажанов атындағы  травматология және ортопедия орталығының бөлім меңгерушісі Ерік Шонбаев.


Көзі: yunews.kz