Ақтауда террорға қарсы оқу-жаттығуларына байланысты көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ақтауда террорға қарсы оқу-жаттығуларына байланысты көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі

444

Smiley face
Фото пресс-службы морпорта Актау

27 тамызда Ақтауда (Маңғыстау облысы) Террорға қарсы күрес жөніндегі теңіз жедел штабы «Ақтау халықаралық теңіз сауда  порты» АҚ аумағында террорға қарсы оқу-жаттығу жиындарын өткізеді.

«Бұл оқу-жаттығу жиындарының мақсаты – терроризмге қарсы әрекет ететін мемлекеттік органдардың күштері мен құралдарының дайындық деңгейін арттыру. Ақтауда террорға қарсы оқу-жаттығуларына байланысты көліктер мен жаяу жүргіншілер қозғалысы шектеледі. Соған байланысты, қала меймандары мен тұрғындарын сабырлық сақтауға және арнайы шараны өткізу қажеттілігіне түсіністікпен қарауға шақырамыз», деп хабарлады Маңғыстау облысы полиция  департаментінің баспасөз қызметі.


Көзі: yunews.kz