Атырауда жеңіл көліктің жүк салғышынан қарулар табылған - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда жеңіл көліктің жүк салғышынан қарулар табылған

444

Smiley faceФото: департамента полиции Атырауской области

Атырау қаласының тұрғыны аяқ астынан терроршы атана жаздады. Атырау қаласының полиция департаменті кезекшісінің пультына бір азамат хабарласып, қаладағы тұрғын үй ауласында қара түсті автомобиль тұрғанын, оның жүк салғышы ашық екенін және онда қарулар бар екенін айтқан.

Аталған мекенжайға дереу үш патруль машинасы мен СОБР сарбаздары жіберілген. Атырау облысының полиция департаментінің ақпараты бойынша, күдікті автомобиль аумағы қоршауға алынған. «Тойота» автомашинасының  жүк салғышын тексерген полиция қызметшілері «МР 153» аңшы мылтығын, екі баллонмен пейнтбол мылтығын тапқан. Рюкзактың ішінен қаруларды майлауға арналған екі баллон шыққан.

«Қарулардың иесі анықталды. Онда осы қаруларына рұқсат құжаттары бар болып шыққан. Ол өзі аңшылар қоғамының мүшесі екен. Алайда, қаруларды сақтау тәртібін бұзғаны үшін оған әкімшілік хаттама жасалып, профилактикалық әңгіме жүргізілді.

Ал оның қырағы көршісіне байқағыштығы мен жедел хабарлағаны үшін Атырау облысының полиция департаменті алғыс айтты.


Көзі: Yunews.kz