Президент негізсіз имидж бен кеңес беру шығындарын азайтуды тапсырды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Президент негізсіз имидж бен кеңес беру шығындарын азайтуды тапсырды

444

Smiley face
Фото: Акорда

Ақордада Мемлекет басшысының төрағалығымен бюджеттік жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өтті, деп хабарлайды Президенттің ресми сайты.

Кездесу барысында Президентке алдағы үш жылға арналған республикалық бюджет жобасының негізгі параметрлері туралы ақпарат берілді.

Мемлекет басшысы бюджет шығыстарының тиімділігін арттыру және бюджет кірістерін одан әрі ұлғайту бойынша жұмысты жалғастырудың маңыздылығын атап өтті.

Ол бюджетті жоспарлаудың барлық кезеңдерінде шығындарды оңтайландыруға, Есеп комитетімен тығыз жұмыс істеуге, сондай-ақ негізсіз имидж бен кеңес беру шығындарын азайтуға шақырды.

Тоқаев бюджет жобасы теңдестірілген және елдің әлеуметтік-экономикалық даму қажеттіліктеріне сәйкес келетінін атап өтті.

Соңында Президент Үкіметке бюджеттік процесті бақылауды күшейтуді тапсырды. Оның айтуынша, бюджет барынша әлеуметтік-экономикалық нәтиже беретін басым жобаларды қаржыландыруы керек.

Отырысқа Премьер-Министр Асқар Мамин, Премьер-Министрдің бірінші орынбасары - Қаржы министрі Әлихан Смайылов, Премьер-Министрдің орынбасарлары Бердібек Сапарбаев және Жеңіс Қасымбек, Ұлттық экономика министрі Руслан Даленов, Есеп комитетінің төрағасы Наталья Годунова, сондай-ақ Президент Әкімшілігінің басшылығы қатысты.


Көзі: yunews.kz