Бір күн бұрын Балқашта жоғалып кеткен 12 жасар бала cу арнасы жағасынан табылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бір күн бұрын Балқашта жоғалып кеткен 12 жасар бала cу арнасы жағасынан табылды

444

Smiley face

Фото: penzainform.ru

26 тамызда кешке Балқаш ТЖ басқармасына Балқаш қалалық полиция бөлімінің кезекші бөлімінен Шұбартүбек ауылында 2007 жылы туған бала жоғалып кеткені туралы қоңырау түсті.

Туыстарының айтуынша, олар балаға велосипед сатып алып берген. Бала велигімен белгісіз бағытқа кетіп қалған. Дереу құтқарушылар мен полицейлердің көмегімен іздеу нәтиже бермеді.

«Сағат 9.15-те Шұбартүбек ауылына 2 техника мен 9 адамнан тұратын Балқаш төтенше жағдайлар бөлімінің жедел тобы оқиға орнына жолға шықты. Қызметшілер топтарға бөлініп, ауылдың әртүрлі бөліктеріне және жағалаудағы жолаққа жіберілді. Түннің басталуы іздеу жұмыстарына кедергі болды, бірақ соған қарамастан іздеу жұмыстары жарықтандыруды қолданумен жалғасты. Түнгі сағат 01.00-де Балқаш қаласының төтенше жағдайлар басқармасының бастығы подполковник Б.Хабдулин жоғалған бала ауыл шетінде 700-800 метр қашықтықта су арнасы жағасынан табылғанын хабарлады», - деп мәлімдеді Қарағанды ​​облысы ТЖМ-нің баспасөз қызметі.

Белгілі болғандай, бала құлаған траншея аса терең емес, оған ешқандай жарақат пен зақым келмеген. Дәрігерлер тексергеннен кейін баланы ата-анасына тапсырды.


Көзі: yunews.kz