Ерлігі үшін – марапат - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Ерлігі үшін – марапат

444

Smiley faceФото: пресс-служба Департамента полиции г.Шымкент

 

Наурыз алаңында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған мерекелік шара өтті. Қала әкімінің бірінші орынбасары Қайрат Нұртай құттықтау сөз сөйлеп, полиция бөлімшесінің қызметкерлеріне өз міндеттерін мүлтіксіз атқарып, азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын тиісті деңгейде қорғауын тіледі.
Рәсімде Ішкі істер министрінің бұйрығымен қылмыстардың алдын алуға, жолын кесуге және ашуға белсенді қатысқаны үшін төсбелгілері, медальдар, Грамоталар және Алғыс хаттар табысталды.

Smiley faceФото: пресс-служба Департамента полиции г.Шымкент
 


Сондай-ақ, журналистер мен блогерлер ішкі істер органдарының беделін көтергені, қоғамдық тәртіпті қорғауға және сақтауға белсенді қатысқаны, бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде кеңінен жарияланғаны үшін марапатталды.
Сондай-ақ, осы бұйрық бойынша 70 қызметкерге лейтенант атағы берілді.
Іс-шара соңында департамент қызметкерлері салтанатты шеруге шықты, деп хабарлады Шымкент қаласының ІІБ баспасөз қызметі.


Көзі: Yunews.kz