Адалдық акциясы - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Адалдық акциясы

444

Smiley face

Қарағанды ​​медициналық университетінде университет пен колледждің бірінші курсына түскендерге арналған адалдық акциясы өтуде. Студенттерді академиялық адалдық кодексімен және университеттің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы стандартымен таныстырғаннан кейін студенттерге оқу кезінде университеттің мәдениеті мен ережелерін сақтауға дайын екендіктерін растайтын құжат толтыру ұсынылды.
Бұл студенттермен жұмыс істеудің жаңа форматы және елдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы сақтауға бағытталған. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев студенттер мен болашақ дәрігерлерді қоса, барлық отандастырымызды сыбайлас жемқорлыққа қатысты нөлдік төзімділікті қалыптастыруға шақырады. Сыбайлас жемқорлық қатерін нөлге дейін төмендету үшін университет өзінің академиялық адалдық кодексін қабылдады.

Smiley face
Ректор Досмағамбетова Раушан Сұлтанқызы бірінші курс студенттерімен сөйлесіп, медициналық университетте оқытудың негізгі қағидалары еңбекқорлықтан басқа адалдық пен тазалық екенін атап өтті.
Акцияны университеттің жаңа бөлімшесі - комплаенс кеңсесі ұйымдастырды, ол мемлекеттің сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыруды насихаттауға және студенттер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған.
Кеңсенің алдында көптеген міндеттер тұр - бұл сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін талдау және мониторингілеу, академиялық адалдық лигасымен өзара әрекеттесу, білім беру процесінің барлық қатысушыларының Кодексті сақтауын бақылау.

Smiley face


Көзі: Yunews.kz