Атырауда 1,5 мыңнан астам бөтелке заңсыз алкоголь анықталды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Атырауда 1,5 мыңнан астам бөтелке заңсыз алкоголь анықталды

444

Smiley face

Атырау қаласы бойынша мемлекеттік кірістер департаментінің хабарлауынша, тексеру барысында алкогольді ішімдіктерді белгісіз түрдегі және сәйкестендірілмеген тіркеу және бақылау белгілері бар сақтау фактісі анықталды.
«Жалпы сомасы 1 138,7 мың теңгеге 1 850 бөтелке жасанды арақтар анықталды. Аталған факті бойынша әкімшілік іс қозғалды. Ағымдағы жылдың басынан бері Атырауда жалпы сомасы 5359,6 мың теңгені құрайтын 12 098 бөтелке заңсыз алкоголь анықталды. Барлық осы фактілер бойынша айыппұл салу және өнімді тәркілеу туралы сот шешімдері бар», деп хабарлады Атырау қалалық мемлекеттік кірістер басқармасынан.
Айта кету керек, осы аптада жедел-іздестіру шараларының нәтижелері бойынша Экономикалық тергеу қызметі республиканың барлық дерлік аймақтарында көлеңкелі өндіріс пен алкоголь өнімінің көтерме саудасын тоқтату бойынша ауқымды операцияны бастады. Қазіргі уақытта Ақтөбе облысындағы өндірушілердің бірінің аумағында тергеу сотының санкциясымен Нұр-Сұлтан, Алматы, Тараз, Шымкент, Қызылорда, Павлодар, Өскемен қалаларындағы жалған тіркеу және бақылау белгілері бар алкогольдік өнімдерді сақтау қоймаларында іздеу жұмыстары жүргізілуде. Еске саламыз, өткен жылдың қазан айында Елбасы Жолдауында экономикадағы көлеңкелі айналымды 40 пайызға төмендету бойынша шаралар қабылдау туралы тапсырма берген болатын.


Көзі: Yunews.kz