Білім күнінде ҚарМТУ-да инновациялық орталықтар мен жеті зертхана ашылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Білім күнінде ҚарМТУ-да инновациялық орталықтар мен жеті зертхана ашылды

444

Smiley face

Фото: karaganda-region.gov.kz

Қарағанды мемлекеттік техникалық университетінде оқу жылының басында жаңадан құрылған инновациялық орталықтар мен зертханалар таныстырылды, деп хабарлайды ЖОО-ның баспасөз қызметі.

Олардың арасында – «Upgrade Center», IT-құзыреттілік орталығы және CISСO зертханалары бар. IT-құзыреттілік орталығының жеті зертханасында «WTO» АТО, «ABI» ЖШС, «X-net» ЖШС, «Wooppay» ЖШС, «Gexabyte» ЖШС, «ERP-company» ЖШС және басқа  сияқты аймақтың ІТ-компаниялардың жетекші мамандары сабақтар өткізеді.

Smiley face
Фото: karaganda-region.gov.kz

«Upgrade Center» негізгі мақсаттары: басқару шешімдерін қабылдауды ақпараттық қолдау; академиялық, ғылыми-инновациялық және қаржы-шаруашылық қызметпен байланысты ЖОО бизнес-процестерінің жедел мониторингі; ахуалдық-талдау орталығына келіп түсетін ақпарат негізінде орталықтың ақпараттық ресурстарын пайдаланушыларды ағымдағы ақпараттандыру; құрылымдық бөлімшелерге ақпараттық қолдау көрсету; ҚарМТУ аумағында болып жатқан төтенше жағдайлар туралы барлық сигналдарды нақты уақыт режимінде өңдеу болып табылады.

IT-құзыреттілік орталығында зерттеулер жүргізу, деректердің үлкен көлемін жинау, өңдеу және талдау, объектілерді визуализациялау және деректерді сақтау және басқару тәсілдерін зерделеу саласындағы өндірістік міндеттерді шешумен мамандарды тереңдетіп даярлау; мобильдік құрылғылар үшін бағдарламалық шешімдер құру, басқарушы персоналдың еңбек өнімділігін арттыруға мүмкіндік беретін, құжат айналымын жүргізуге арналған шығыстарды төмендететін, ақпараттық жүйелердің қорғалуы мен қауіпсіздігін арттыратын ІТ-шешімдерді жүйелі біріктіру, сайттарды әзірлеу және ақпараттық қауіпсіздікті қамтамсыз ету бойынша жұмыстар жоспарланған.

CISCO желілік академиясының зертханасы әлемнің 168 елінде мойындалған CCNA және CCNP сертификаттарын ала отырып, студенттерді, оқытушылар мен өндіріс өкілдерін әлемдік деңгейдегі жаңа технологияларға үйретуге мүмкіндік береді.


Көзі: yunews.kz