Павлодар мектептерінде ЖҚЕ оқыту бойынша сыныптар жоқ - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Павлодар мектептерінде ЖҚЕ оқыту бойынша сыныптар жоқ

444

Smiley face
Фото: ДП г. Павлодар

Жаңа оқу жылы қарсаңында және «Назар аударыңыз - балалар!» республикалық оперативті-профилактикалық іс-шара аясында облыстың Полиция департаменті мектептер мен балабақшалар орналасқан жерлерде көше-жол желілері мен жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарын тексерді, деп хабарлайды Павлодар қаласы ІІД баспасөз қызметі.

Рейд қорытындысы бойынша құқық қорғау органдарымен бірқатар кемшіліктер анықталды.

Мәселен, кейбір учаскелерде жол белгілерінің іске жарамсыз жағдайы анықталды, немесе жол белгілері мүлдем болмаған. Сондай-ақ қажетті жол таңбалары мен жол қозғалысын реттеудің техникалық құралдарының жоқтығы анықталды.

Smiley face
Фото: ДП г. Павлодар

Полиция қызметкерлері Павлодар қаласының білім беру және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармаларының атына анықталған кемшіліктерді жою бойынша ұйғарымдар дайындап, жаяу жүргіншілер-балалар үшін қауіпсіз жол жағдайларын жасау бойынша ұсыныстар енгізді.

Зерттеулер көрсеткендей, өкінішке орай, Павлодар қаласының барлық мектептерінде оқу-көрнекі құралдары және жабдықтармен ЖҚЕ оқыту бойынша мамандандырылған сыныптар жоқ. Сонымен қатар, мектептер аумағындағы автоалаңдар қажетті талаптарға сәйкес келмейді.

Smiley face
Smiley face
Фото: ДП г. Павлодар

Полиция қызметкерлері осы профилактикалық іс-шараға қатысқан және апаттылық пен балалар жарақаттануының алдын алу ісіне өз көмегін қосқан қала тұрғындары арасындағы белсенділерді атап өтті. Мысалы, жекеменшік кәсіпорындардың бірінің қызметкерлері бірқатар мектептер аудандарында жаяу жүргінші өтплерінің жанында "Баланың қолынан ұста", "Құлаққапты шеш" деген жазулар жазған.


Көзі: yunews.kz