Біз заңнаманы ізгілендірумен әуестеніп кеттік – Тоқаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Біз заңнаманы ізгілендірумен әуестеніп кеттік – Тоқаев

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажет, - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев халыққа Жолдауында.

"Біз сот төрелігінің шектен тыс және репрессивті шаралары мен қатал жазалау тәжірибесінен алшақтадық. Алайда елімізде көптеген ауыр қылмыс әрекеттері бар. Біз заңнаманы ізгілендірумен айналысып, азаматтардың негізгі құқықтары туралы ұмытып барамыз. Жыныстық зорлық-зомбылық, педофилия, есірткі тасымалдау, адам саудасы, әйелдерге қатысты тұрмыстық зорлық-зомбылық және жеке адамға, әсіресе балаларға қатысты басқа да ауыр қылмыстар үшін жазаны күшейту қажет. Бұл менің үкіметке беретін тапсырмам", - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Браконьерлікпен күрес бойынша шараларды қатаңдату туралы мәселе жеке назар аударуды талап етеді.

 «Жақында болған қайғылы оқиғалар браконьерліктің ұйымдастырылған қылмыстың қауіпті формасы екенін көрсетті. Браконьерлер керек-жарақпен қамтамасыз етілген, қаруланған, өздерінің жазасыздығын сезінеді. Тек осы жылы жануарлар дүниесін қорғау жөніндегі екі инспектор олардың қолынан қаза тапты. Жақында ШҚО көлінде браконьерлер бандасының қылмыстық әрекеті тоқтатылды. Бұл тек бірлі-жарым жағдайлар. Бірақ браконьерлік терең тамыр жайған, бұған құқық қорғау органдарының салғырттығы да жағдай жасады. Браконьерлер табиғатты, ұлттық байлығымызды аяусыз жойып жатыр. Үкіметке екі ай ішінде тиісті заңнаманы қатаңдату жөнінде шұғыл шаралар қабылдауды тапсырамын", - деді Мемлекет басшысы.


Көзі: yunews.kz