Басқаратын ведомствода орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін бірінші басшының жауапкершілігі заң жүзінде реттелуі керек - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Басқаратын ведомствода орын алған сыбайлас жемқорлық қылмыс үшін бірінші басшының жауапкершілігі заң жүзінде реттелуі керек

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Қазақстан халқына тұңғыш  Жолдауында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес тармақтарын белгіледі.

"Күн тәртібінен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жүйелі күрес мәселесі түспейді. Сарапшылар мен жұртшылықтың қатысуымен орталық және жергілікті органдардың нормативтік-құқықтық актілерінің жобаларына сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманы қалпына келтіру қажет. Сыбайлас жемқорлық қылмысы болған ведомствоның бірінші басшысының жауапкершілігін заңнамалық және нормативтік тұрғыда реттеген жөн. Сондай-ақ сыбайлас жемқорлыққа қарсы органдар қызметкерлерінің заңсыз жұмыс әдістері мен арандатушылық әрекеттер үшін қатаң жауапкершілігін көздеу қажет. Оларға тергеу тәжірибесінде орын болмауы тиіс. Кінәсіздік презумпциясы қағидаты толық көлемде сақталуы тиіс", - деп мәлімдеді Қазақстан Президенті.


Көзі: yunews.kz