Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстандық мемлекеттік компаниялардың бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады

444

Smiley face
Фото из открытых источников

ҚР Президентінің Қазақстан халқына Жолдауында квазимемлекеттік сектордан қайтарымды арттыру тақырыбы бөлек айтылған.

"Біздің мемлекеттік компаниялар рабайсыз конгломераттарға айналды, мұны мойындау керек. Олардың халықаралық бәсекеге қабілеттілігі күмән тудырады. Мемлекеттің экономикада ақталмаған қатысуын қысқарту мақсатында мен квазимемлекеттік компаниялар құруға мораторий енгізу туралы шешім қабылдадым. Ұлттық әл-ауқат қорының құрылғаннан бері өткен 14 жыл ішінде халықтың әл-ауқатын арттыруға қосқан нақты үлесін түсіну керек", - деп атап өтті Қасым-Жомарт Тоқаев.

Мемлекет басшысы Үкіметке Есеп комитетімен бірлесіп бір ай мерзімде мемлекеттік холдингтер мен ұлттық компаниялардың тиімділігіне талдау жүргізуді тапсырды.

"Квазимемлекеттік компаниялар көбінесе бір алаңда өзара бәсекелеседі. Тұрғын үй саясаты саласында, мысалы, жеті мемлекеттік оператор жұмыс істейді. Бұл тек орталық деңгейде ғана. Мемлекеттік компаниялардың санын қысқартуға болады және қысқарту керек. Бұл ретте стратегиялық секторларда жұмыс істейтін мемлекеттік компаниялардың қызметіне ұқыпты қарау керек. Мемлекеттің оларды бақылауы сақталуы тиіс. Әйтпесе, мемлекеттік монополистердің орнына біз жеке монополистерді аламыз. Осыдан туындайтын барлық салдармен бірге", - деп түйіндеді Мемлекет басшысы.


Көзі: yunews.kz