Қазақ тілінің рөлі күшейетін болады – Тоқаев - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақ тілінің рөлі күшейетін болады – Тоқаев

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік тілді одан әрі дамытуға ниетті, бұл туралы ол өзінің Қазақстан халқына тұңғыш Жолдауында мәлімдеді.

 «Біз еліміздегі этникалық топтардың тілі мен мәдениетін дамытуға жағдай жасай береміз. Қазақ тілінің мемлекеттік тіл ретіндегі рөлі күшейетін болады. Оның ұлтаралық қатынас тіліне айналатын кезеңі келеді деп есептеймін. Бірақ мұндай дәрежеге жету үшін бәріміз даңғаза жасамай, жұмыла жұмыс жүргізуіміз керек. Сондай-ақ, тіл үлкен саясаттың құралы екенін де ұмытпаған жөн», - деді Қазақстан Президенті.

Қасым-Жомарт Тоқаев  үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажеттігін де атап өтті.

«Белсенді азаматтық қоғам құру үшін үкіметтік емес ұйымдардың беделін арттыру қажет деп санаймын. Сондықтан, жақын арада Азаматтық қоғамды дамытудың 2025 жылға дейінгі тұжырымдамасын әзірлеп, қабылдауымыз керек», - деп мәлімдеді Мемлекет басшысы.


Көзі: yunews.kz