Адам құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Адам құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл тағайындалды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Бүгін Сенат отырысында Эльвира Әзімова адам құқықтары жөніндегі жаңа уәкіл болып тағайындалды. Оның кандидатурасын Президент әкімшілігінің басшысы Қырымбек Көшербаев ұсынды.

Конституциялық заңнама жөніндегі Комитет Сенатқа Асқар Шәкіровтың – Сенаттың вице-спикері ретінде басқа қызметке тағайындалуына байланысты оны адам құқықтары жөніндегі уәкіл лауазымынан босатуды ұсынды.

Дариға Назарбаева А.Шәкіровті ұсынды:

"Ол көптеген жылдар бойы әртүрлі саяси лауазымдарда жұмыс істеді. Төтенше және Өкілетті Елші, Кеден комитетінің төрағасы, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл болды. Заң ғылымдарының кандидаты, қытай, ағылшын тілдерін меңгерген.  Сенат төрағасының орынбасары қызметіне қажетті тәжірибесі мол", - деп Сенат төрағасы кандидат туралы өз пікірін білдірді.


Көзі: yunews.kz