Бас көшеде оркестр ойнайды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Бас көшеде оркестр ойнайды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

4 және 5 қыркүйекте Алматыда қала тұрғындарының ең сүйікті күзгі іс-шараларының бірі – "Оркестрлер фестивалі – X" өтеді, деп хабарлайды қалалық мәдениет басқармасы. Биыл классикалық және халықтық музыка мерекесі өзінің 10 жылдық мерейтойын атап өтеді.

"Оркестрлер фестивалі" - бұл Қала күнін мерекелеу аясында дәстүрлі түрде өтетін жарқын және есте қаларлық оқиға. Осы жылы шара 4 және 5 қыркүйекте Республика сарайының алдындағы Абай алаңында ашық аспан астында өтеді.

Екі күн ішінде халық және әлемдік музыканың үздік композиторларының шығармалары орындалады. Бірінші күн аясында сахнада Даулеткерей, Құрманғазы, Нұрғиса Тілендиевтің күйлері мен Ұлы Даланың халық шығармашылығының үздік шығармалары орындалады.

Екінші күн алуантүрлілігімен қуантады, бірінен соң бірі: А. Зацепиннің оңтүстік астанаға арнаған "Гүл Алматым" композициясы, Ақан серінің "Балқадиша" әні және танымал әртістердің: Виктор Цой мен "Кино" тобының, Стингтің, «Queen» тобының шығармалары және барлық сүйікті кинолардағы саундтректер ("8 миля", "Кариб теңізінің қарақшылары", "Титаник", "Крестный отец" және т.б.) орындалады. Кішкентай тыңдаушылар да назардан тыс қалмайды, олар үшін "Король Лев", "Аладдин", "Русалочка", "Мадагаскар" және т. б. мультфильмдерден сүйікті композициялар орындалады.

Фестивальға Александр Беляковтың басшылығымен Алматы әкімінің эстрадалық-симфониялық оркестрінің ұжымы және дирижер Абылай Тілепбергеннің жетекшілігімен Құрманғазы атындағы  Қазақ мемлекеттік академиялық халық аспаптар оркестрі қатысады.


Көзі: yunews.kz