Жеңіс Қасымбек әуе билеттерінің жоғары құнын түсіндірді - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Жеңіс Қасымбек әуе билеттерінің жоғары құнын түсіндірді

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында авиабилеттердің жоғары құнын атап өтті. Үкімет отырысында Премьер-Министрдің орынбасары Жеңіс Қасымбек тасымалдаушылардың негізгі проблемаларын және қалай олардың алдын алуға  болатынын түсіндірді.

"Билеттердің жоғары құнындағы негізгі проблема тасымалдау сыйымдылықтарының тапшылығы және қолда бар сұранысты қанағаттандыру үшін әуе кемелерінің жетіспеуі болып табылады. Тарифтердің құнын төмендету мақсатында ағымдағы жылдың мамыр айында бірінші отандық төмен бюджетті тасымалдаушы "FlyArystan" іске қосылды, ол жылдың соңына дейін күніне жасалатын рейстер санын 14-тен 28 жиілікке дейін екі есе арттыруды жоспарлап отыр. Сонымен қатар, Үкімет "Самұрық-Қазына" АҚ-мен бірге әуе кемелерінің паркін арттыру мақсатында "Air Astana" және "Kazakh Air" әуе компанияларын қосымша капиталдандыруды жоспарлауда", - деп атап өтті Жеңіс Қасымбек.

Сондай-ақ, ҚТЖ теміржол билеттерінің тапшылығын болдырмау үшін 100-ден астам жолаушылар вагонын сатып алады.


Көзі: yunews.kz