Қазақстанның егіс алқаптарынан дәнді дақылдардың үштен бір бөлігі жиналды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Қазақстанның егіс алқаптарынан дәнді дақылдардың үштен бір бөлігі жиналды

444

Smiley face
Фото из открытых источников

Ауыл шаруашылығы министрі Сапархан Омаров бүгін Үкімет отырысында Министрлік жұмысының қорытындылары туралы баяндады, сондай-ақ алдағы жылға дайындалып жатқан жоспарлар туралы әңгімеледі.

ҰЭМ статистика комитетінің деректері бойынша 2019 жылы барлық ауыл шаруашылығы дақылдарының егіс алқабы 22,2 млн га құрады. Оның ішінде дәнді дақылдар - 15,4 млн га, оның ішінде бидай - 11,4 млн га, майлы дақылдар - 2,9 млн га, жемшөптік дақылдар - 3,3 млн га, мақта – 131,1 мың га, қант қызылшасы - 19,6 мың га, картоп пен көкөністер, бақша дақылдары - 191,3 және 261,1 мың га.

С. Омаров егіс науқаны оңтайлы мерзімде жүргізілгенін атап өтті. Десек те, оның айтуынша, егін егу бойынша дүдәмал жағдай Қостанай облысында қалыптасқан. Ауыл шаруашылығы министрлігі Қостанай облысының әкімдігімен бірлесіп ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерді қолдау бойынша шаралар қабылдайды, деп хабарлады министр.

Жедел мәліметтерге сәйкес, жалпы республика бойынша дәнді дақылдарды жинау алаңы 15,2 млн га құрайды, оның ішінде 4,8 млн га жиналды, бұл 31% құрайды.

"Республикадағы астық сақтаудың жалпы сыйымдылығы 27 млн тоннаны құрайды. Бұл болжанған өнімді сақтау үшін жеткілікті. Сонымен қатар, әкімдіктер 2019 жылғы астықты қабылдауға элеваторлардың дайындығына тұрақты мониторинг жүргізіп, сондай-ақ астықты егістіктен элеваторларға үздіксіз тасымалдауды қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстау қажет", - деді С. Омаров.

Ағымдағы жылдың көктемгі егіс және егін жинау жұмыстарын қаржыландыруға Аграрлық несие корпорациясы 60 млрд теңге көлемінде бюджеттік кредит бөлді.

 

 

"Ағымдағы маусымда азық-түлік келісім-шарт корпорациясы 1 млн тоннаға дейін астық сатып алуды жоспарлап отыр. Үшінші сыныпты бидай сатып алу бағасы сапасына байланысты тоннасына 62-ден 70 мың теңгеге дейін. Сондай-ақ мал шаруашылығын қолдау мақсатында биылғы жылы жемдік астық сатып алу жоспарлануда. Оның бағасы 54 және 50 мың теңгені құрайды", - деді С.Омаров.

Ол сондай-ақ жаңа егіннің астығын экспорттау бойынша дайындық жұмыстары жүргізіліп жатқанын хабарлады.

"Биылғы жылы басқа мемлекеттік органдармен бірлесе отырып, ҚТЖ-мен бірге  логистика мәселелерін шешу бойынша жүйелі жұмыс жасап, барлық тараптардың қатысуымен жедел мәселелерді шешу бойынша штаб құрылды. Өткізу нарығы анықталды. 2019-2020 маркетингтік жылға астық пен ұнның экспорттық әлеуеті шамамен 7 млн тоннаны құрайды", - деді С. Омаров.

Қыркүйек айында Қазгидромет ауа райының ұзақ мерзімді болжамдарына сәйкес Қостанай облысының солтүстігінде жауын-шашын мөлшері нормадан артық, Солтүстік Қазақстан облысында нормаға сай, Ақмола облысында нормадан аз болады, кей жерлерде үшінші онкүндіктің бірінші жартысында қарға ауысып, егін жинау жұмыстарының барысына әсер етуі және астықтың жойылуына әкеп соғуы мүмкін.

"Осыған байланысты әкімдіктер егін жинау жұмыстарын барынша қысқа мерзімде жүргізу бойынша барлық ұйымдастыру шараларын қабылдауы қажет", - деді С. Омаров.


Көзі: yunews.kz