Барлық тұрғындарда ауыз су, газ және 5G қашан пайда болады? - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Барлық тұрғындарда ауыз су, газ және 5G қашан пайда болады?

444

Smiley face
Фото: wallbox.ru

Вице-Премьер-министр Жеңіс Қасымбек халықтың сапалы ауыз суға, газға және жаңа технологиялық құбылыстарға 100% қолжетімділігі қашан қамтамасыз етілетінін айтты.

Сапалы ауыз су 2023 жылға қарай халыққа 100% қолжетімді болады. 2020-2022 жылдарға  республикалық бюджетте осы мақсатқа 250 млрд теңге қарастырылған.

Ал "Сарыарқа" магистральды газ құбыры бойында газ тарату желілерінің құрылысы жоспарлануда.  Келесі жылдан бастап тарату желілері Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола және Қарағанды облыстарында пайда болады.

5G, ақылды қалалар, көлемді деректер, блокчейн және т.б. – сандық технологиялар саласында заң жобасын әзірлеу толық жүріп жатыр және 2019 жылдың желтоқсанында Мәжілісте таныстырылады.

"Жалпы, Үкімет Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында берілген тапсырмаларын сапалы және уақытылы орындау бойынша барлық қажетті шараларды қабылдайды", - деп түйіндеді Жеңіс Қасымбек.


Көзі: yunews.kz