Даму динамикасы болмағандықтан 7 қазақстандық-қытайлық жоба тізімнен шығарылды - новости Казахстана и Мира | YUNEWS.KZ
Рус Қаз

Тіркелу

Кіру

+7 771 194 0204 Наш whatsapp

Даму динамикасы болмағандықтан 7 қазақстандық-қытайлық жоба тізімнен шығарылды

444

Smiley face

ОКҚ суреті

ИИДМ  салалық мемлекеттік органдармен Қазақстан-Қытай жобаларының тізбесін тұрақты өзектендіруді жүргізеді, яғни пассивті жобалар пысықтаудың жоғары үлесі бар жобаларға ауыстырылады", - деді ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Аманияз Ержанов Орталық коммуникациялар қызметі алаңында Қазақстан-Қытай жобаларын жүзеге асыру жөніндегі баспасөз конференциясында.

Оның айтуынша, Қазақстан-Қытай жобаларының тізбесінен 7 жоба алынып тасталды.

"Осылайша, ағымдағы жылдың тамыз айының соңында аталған тізбеден 449 миллион АҚШ доллары сомасына 7 жоба алынып тасталды. Бұл төмен пысықтау, экономикалық орынсыздық, шикізат бағасының құбылмалылығы",- деді вице-министр.

Ал алынып тасталғандардың орнына жалпы сомасы 763 миллион АҚШ доллары болатын 7 жоба енгізілді.

"Оның ішінде ҚР ИИДМ желісі бойынша 5 жоба алынып тасталып, 2 перспективалық жоба іске қосылды. Сонымен қатар, аталған жобалар аясында жергілікті қызметкерлерді оқыту және шетелдік мамандармен тәжірибе алмасу жоспарлануда. Қазақстандық жұмысшылардың біліктілігін арттыру шетелдік жұмыс күшін айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді, – деп түсіндірді Аманияз Ержанов.

Қазақстан-Қытай жобасы екі елдің Үкіметі арасындағы индустрияландыру мен инвестициялар саласындағы ынтымақтастықты нығайту туралы негіздемелік келісім аясында жүзеге асырылуда. Индустрияландыру және инвестициялар саласындағы қазақстан-қытай жобаларының тізбесіне машина жасау, құрылыс индустриясы, АӨК, химия-фармацевтика өнеркәсібі, мұнай-газ секторы және энергетика жөніндегі басқа да бірқатар жобалар саласында іске асырылатын 27 миллиард доллар сомасына 55 жоба кіреді.

"Қазіргі таңда 1,6 миллиард доллар сомасына сегіз жоба іске қосылды. Осы ынтымақтастық аясында биыл Алматыда үлкен диаметрлі болат дәнекерлеу құбырларын өндіру жобасы іске асырылуда", - деп хабарлады  спикер.

"Осы жобалардан әзірлеушілер қосымша құны жоғары сапалы отандық өнім шығаруға қабілетті бірқатар жоғары технологиялық кәсіпорындар құруды күтуде", - деп атап өтті вице-министр.


Көзі: yunews.kz